жексенбі, 6 қазан, 2024 1:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Семей тұрғындары президент сайлауында 149 учаскеге барып дауыс бере алады

Семей тұрғындары президент сайлауында 149 учаскеге барып дауыс бере алады
ашық дереккөзі
Семей тұрғындары президент сайлауында 149 учаскеге барып дауыс бере алады
Семей қаласының тұрғындары президент сайлауында 149 учаскеге барып дауыс бере алады, деп хабарлайды Жамбылинфо тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Семейдегі сайлау учаскелері президент сайлауын өткізуге дайындалып жатыр. «Сайлау күні шаһар халқы 149 учаскеге барып дауыс бере алады. Оның ішінде 19-ы жабық сайлау учаскесі. Жабық сайлау учаскелері — қандай да бір себептермен жалпы сайлау учаскелеріне келе алмайтын және әскери бөлімдерде, ауруханаларда, құқық қорғау органдарының мекемелеріндегі азаматтар үшін жұмыс істейді», — делінген ақпаратта. Сондай-ақ қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің конституциялық құқығын пайдаланып, үйде дауыс бере алады. Айта кетейік, Семейде сайлаушылар тізіміне 232 мыңнан астам адам енгізілген.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар