жексенбі, 6 қазан, 2024 1:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түркістан облысында 1800-ге жуық байқаушы даярланды

Түркістан облысында 1800-ге жуық байқаушы даярланды
ашық дереккөзі
Түркістан облысында 1800-ге жуық байқаушы даярланды
Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Партиялық емес байқау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы филиалының басшысы Бақытжан Әшірбаев айтты. «Партиялық емес байқау орталығы» РҚБ-ның Түркістан облысы филиалы сайлау үдерісіне қоғамдық байқау жүргізу мақсатында құрылды. Бұл - әділ, ашық сайлауға мүдделі Қазақстан азаматтарының тәуелсіз ерікті бірлестігі. Құрамына қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жастар, сарапшылар, азаматтық белсенділер кіреді», - деді Бақытжан Шәкірұлы. Спикердің сөзінше, сайлау уақытында ақпараттарды тиімді басқару және қағазбастылықты азайту мақсатында арнайы байқаушы блокноттары барлық байқаушыларға үлестірілген. «Партиялық емес байқау орталығы» РҚБ-ның Түркістан облыстық филиалы 20 қараша күні өңірдегі 893 сайлау учаскесінде байқау жұмысын ұйымдастырады. Өкілдікте 17 координатор және әр сайлау учаскесінде екі азаматтан жалпы 1786 байқаушы бар. Бұл ретте, 90 мобильді байқаушы, заңгер және әлеуметтік желілерде сараптама жүргізетін еріктілер арқылы жұмыстар атқарады. «Біз, азаматтық қоғам өкілдері демократияны дамытуды, қоғамның мемлекетті басқарудағы мүмкіндіктерін кеңейтуді жақтаймыз. Алдағы сайлау - әрбір қазақстандық үшін маңызды оқиға. Ол елiмiздiң көшбасшысына қатысты халықтың таңдауын анықтайды. Бiздiң басты мақсатымыз - бүкіл сайлау процесінің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету, дауыс берудің ашықтығы мен жариялығының мүлтіксіз сақталуына атсалысу» , - деді Б.Әшірбаев.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар