жұма, 27 желтоқсан, 2024 2:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Авиабилеттер неге қымбат». Тараз-Алматы бағыты бойынша әуе қатынасының құны өсті

«Авиабилеттер неге қымбат». Тараз-Алматы бағыты бойынша әуе қатынасының құны өсті
Коллаж: jambylinfo.kz
Үкімет 19 бағыттың билетіне субсидия беріп отыр

Қазақстанда мемлекеттен  субсидия алатын 19 бағыттың жетеуінде әуе билетінің бағасы қымбаттады. Соның ішінде  Тараз-Алматы бағыты бойынша әуе қатынасының құны да өскен, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Бағаның өскенін Тараз-Алматы бағыты бойынша тұрақты түрде ұшып жүрген жолаушылары байқаған. Азаматтар мемлекеттік бюджеттен субсидияланатын бағыт бойынша авиабилеттердің құны қалай және қандай себеппен өскенін түсінбей отыр. Өйткені, наурыз айында сұранысқа ие маршруттағы билеттер бір бағытта 14 мың теңге болса, ал сәуір айында екі мың теңгеге шарықтаған.

ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Тараз-Алматы бағыты бойынша әуе билеттерінің қымбаттауы фактісі тіркелгенін растады.

"ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысымен бекітілген Авиамаршруттарды субсидиялау қағидаларының 16-тармағына сәйкес, егер субсидияланатын авиамаршрутта әуе кемесінің тасымалдау сыйымдылығының барынша коммерциялық жүктемесінің 60%-дан астамы жүктелсе, авиакомпания азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға тарифті көтеру туралы ұсыныс енгізеді", - деді ҚР Көлік министрлігінің азаматтық авиациясы комитеті төрағасының орынбасары Тимур Тілегенов. 

Тимур Тілегеновтың сөзінше, SCAT әуекомпаниясы және Жамбыл облысы әкімдігі азаматтық авиация комитетінің атына тарифті көтеру туралы өтініш жолдаған.

"Осыған байланысты Комитет ағымдағы жылдың 3 наурызынан бастап Алматы – Тараз субсидияланатын авиамаршрутына тарифті 14 мыңнан 16 мың теңгеге дейін ұлғайтты", - деп түсіндірді комитет төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ, ведомство Алматы – Тараз бағытынан басқа, Көкшетау – Ақтау, Көкшетау – Шымкент, Петропавл – Астана, Петропавл – Алматы, Түркістан – Ақтау, Тараз-Атырау бағыттары бойынша әуе билеттерінің құны өскенін мәлімдеді. Сонымен қатар, субсидияланатын бағыттардағы авиабилеттердің құны 6 айда 1 рет қана құбылатынын хабарлады. 

Азаматтық авиация камитеті төрағасының орынбасары биыл  Қазақстанда республикалық бюджеттен 6,6 млрд теңгеге 19 авиамаршрут субсидияланатынын айтты. Бұл Түркістан-Ақтау, Түркістан-Ақтөбе, Түркістан-Қарағанды, Түркістан - Орал, Түркістан - Қостанай, Жезқазған - Қарағанды, Жезқазған - Шымкент, Жезқазған - Өскемен, Алматы-Көкшетау, Көкшетау - Ақтау, Көкшетау - Шымкент, Үржар - Алматы, Петропавл - Астана, Петропавл - Алматы, Алматы - Үшарал, Павлодар - Астана, Тараз-Алматы, Тараз-Атырау, Өскемен-Қарағанды бағыттары. 

Ведмство осы бағыт бойынша субсидияланатын маршруттарға билеттердің құны 10 мыңнан 33 мың теңгеге өзгеретінін жеткізді. Сондай-ақ биыл  субсидияланатын авиамаршруттарды QAZAQ AIR, SCAT және "Южное небо"авиакомпаниялары орындайды.

Мемлекет субсидиялайтын бағыттар қандай қағидат бойынша іріктелетіні туралы сұраққа жауап бере отырып, Азаматтық авиация камитеті төрағасының орынбасары республикалық бюджеттен субсидиялауға ұсынылатын авиамаршруттар тізбесіне ҚР Үкіметінің немесе ол уәкілеттік берген мемлекеттік органның шешімімен айқындалған бағыттар енгізілетінін түсіндірді. 

"Бұл төменде көрсетілген критерийлер бойынша табыс деңгейін қамтамасыз етпейтін авиамаршруттар. Яғни: 

  • Астананы, Республикалық маңызы бар қалаларды облыс орталықтарымен және облыстардың ірі қалаларымен байланыстыратын авиамаршруттар;
  • облыс орталықтарын өзара байланыстыратын авиамаршруттар және облысаралық авиамаршруттар;
  • егер маршрут өңірдің дамуы үшін әлеуметтік маңызы бар сипатта болса;
  • Астананы, Республикалық маңызы бар қалаларды және облыс орталықтарын туристік қызмет объектілерімен және Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен байланыстыратын авиамаршруттар, егер маршрут өңірді дамыту үшін әлеуметтік маңызы бар сипатта болса; 

азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайтын өзге де халықаралық авиамаршруттар", - деді Тимур Тілегенов.


SCAT авиакомпаниясы  тарифтің құнын арттыру үшін Азаматтық авиация камитетіне жүгінгенін растап отыр.

"Субсидияланатын авиамаршрутта әуе кемесінің сыйымдылығының 60% - дан астамы ұлғайған жағдайда, мемлекет бюджетіне жүктемені азайту мақсатында тарифті көтеру туралы ұсыныс енгізілуі мүмкін", - деп хабарлады SCAT авиакомпаниясының баспасөз қызметі.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар