«Авиабилеттер неге қымбат». Тараз-Алматы бағыты бойынша әуе қатынасының құны өсті
Үкімет 19 бағыттың билетіне субсидия беріп отыр
Қазақстанда мемлекеттен субсидия алатын 19 бағыттың жетеуінде әуе билетінің бағасы қымбаттады. Соның ішінде Тараз-Алматы бағыты бойынша әуе қатынасының құны да өскен, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бағаның өскенін Тараз-Алматы бағыты бойынша тұрақты түрде ұшып жүрген жолаушылары байқаған. Азаматтар мемлекеттік бюджеттен субсидияланатын бағыт бойынша авиабилеттердің құны қалай және қандай себеппен өскенін түсінбей отыр. Өйткені, наурыз айында сұранысқа ие маршруттағы билеттер бір бағытта 14 мың теңге болса, ал сәуір айында екі мың теңгеге шарықтаған.
ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Тараз-Алматы бағыты бойынша әуе билеттерінің қымбаттауы фактісі тіркелгенін растады.
Тимур Тілегеновтың сөзінше, SCAT әуекомпаниясы және Жамбыл облысы әкімдігі азаматтық авиация комитетінің атына тарифті көтеру туралы өтініш жолдаған.
Сондай-ақ, ведомство Алматы – Тараз бағытынан басқа, Көкшетау – Ақтау, Көкшетау – Шымкент, Петропавл – Астана, Петропавл – Алматы, Түркістан – Ақтау, Тараз-Атырау бағыттары бойынша әуе билеттерінің құны өскенін мәлімдеді. Сонымен қатар, субсидияланатын бағыттардағы авиабилеттердің құны 6 айда 1 рет қана құбылатынын хабарлады.
Азаматтық авиация камитеті төрағасының орынбасары биыл Қазақстанда республикалық бюджеттен 6,6 млрд теңгеге 19 авиамаршрут субсидияланатынын айтты. Бұл Түркістан-Ақтау, Түркістан-Ақтөбе, Түркістан-Қарағанды, Түркістан - Орал, Түркістан - Қостанай, Жезқазған - Қарағанды, Жезқазған - Шымкент, Жезқазған - Өскемен, Алматы-Көкшетау, Көкшетау - Ақтау, Көкшетау - Шымкент, Үржар - Алматы, Петропавл - Астана, Петропавл - Алматы, Алматы - Үшарал, Павлодар - Астана, Тараз-Алматы, Тараз-Атырау, Өскемен-Қарағанды бағыттары.
Ведмство осы бағыт бойынша субсидияланатын маршруттарға билеттердің құны 10 мыңнан 33 мың теңгеге өзгеретінін жеткізді. Сондай-ақ биыл субсидияланатын авиамаршруттарды QAZAQ AIR, SCAT және "Южное небо"авиакомпаниялары орындайды.
Мемлекет субсидиялайтын бағыттар қандай қағидат бойынша іріктелетіні туралы сұраққа жауап бере отырып, Азаматтық авиация камитеті төрағасының орынбасары республикалық бюджеттен субсидиялауға ұсынылатын авиамаршруттар тізбесіне ҚР Үкіметінің немесе ол уәкілеттік берген мемлекеттік органның шешімімен айқындалған бағыттар енгізілетінін түсіндірді.
SCAT авиакомпаниясы тарифтің құнын арттыру үшін Азаматтық авиация камитетіне жүгінгенін растап отыр.