жексенбі, 27 шілде, 2025 1:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ай-күннің аманында: мамандар жол апатының қай уақытта жиі болатынын айтты

Ай-күннің аманында: мамандар жол апатының қай уақытта жиі болатынын айтты
Pixabay.com
Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) саны күн санап артып келеді. Ең сорақысы — апаттардың 90 пайызы күн ашық, ауа райы жайдары кезде тіркеледі. Демек, басты себеп – ауа райы емес, адамның жауапкершілігі.

Бұған қоса, 73% апат күндіз орын алады, яғни көру мүмкіндігі жақсы кезде. Ең қауіпті күн – жұма (5 айда 2 мыңға жуық ЖКО), одан кейін сейсенбі (1,9 мың) және бейсенбі (1,8 мың). Яғни, адамдар жұмысқа барып, қайтатын апта күндері, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл деректер мынаны көрсетеді: жүргізуші қаншалықты тәжірибелі әрі сақ болғанымен, оның өзі де, көлігі де қауіп-қатерден тыс емес.

Сондықтан сұрақ: "апат бола ма, болмай ма?" емес, "сол жағдайда сіз қаншалықты сақтандырылғансыз?" дегенде.

2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында елімізде 12,2 мың жол апаты тіркелген. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп. Ал былтырғы өсім 85,5% болған. 2020–2023 жылдармен салыстырсақ, жағдай тіпті алаңдатарлық: ол кезде бес айда 5,2 мыңнан артық апат болмаған еді.

Қазіргі жағдай әр жүргізуші үшін ескерту: әрбір 10 апаттың төртеуі көліктердің соқтығысуы мен жаяу жүргіншіні қағумен байланысты. Қалғандары – аударылу, бөгетке соғылу, жолаушының құлауы және тағы басқа жағдайлар. Жыл ішінде көлік соқтығысуы 45,7%-ға өсіп, 5,2 мың, ал жаяу жүргіншіні қағу 47,6%-ға артып, 4,7 мың жағдайды құрады.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар