жұма, 22 қараша, 2024 3:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қылмыстық іс жанданды: Ақтөбеде 1 сыныпта оқитын ұл баланы 9 сыныптың төрт баласы үш апта бойы зорлаған

Қылмыстық іс жанданды: Ақтөбеде 1 сыныпта оқитын ұл баланы 9 сыныптың төрт баласы үш апта бойы зорлаған
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева. Сурет ашық дереккөзден алынды
Осы іс бойынша қылмыстық іс бірнеше рет тоқтап, қайта басталған

Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі жедел уәкіл Динара Зәкиева еліміздің түпкір-түпкірінде бала құқықтарын қорғау бойынша өтіп жатқан және заңсыз тоқтап қалған қылмыстық істер туралы айтып берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Зәкиеваның айтуынша, соңғы сегіз ай ішінде оған 305 хат келген. Оның ішінде 89 өтініш бойынша жедел уәкілдің қатысуымен мәселелер оң шешімін тапқан.

«Әріптестеріммен бірге қатысқан сот істерінен мысал келтірейін. Бізге кәмелет жасына толмаған қыз бала хат жазды. Оның айтуынша, ол ұзақ уақыт бойы мейрамханада даяшы болып жұмыс істеген. Алайда, жұмыс беруші оған жалақы төлемеген. Оның үстіне, қызды кассадан ақша ұрлады деп айыптап, сотқа берген. Осы баланың құқығын қорғау үшін сотқа өзіміз қатыстық. Жарты жылға созылған істе біз ақыры жеңіске жеттік – жұмыс беруші ақыры қыздың маңдай тер, еңбек ақысын төлеп берді. Ол сондай-ақ балаға моралдық шығын да өндіріп беру керек», - дейді Динара Зәкиева.

Өз сөзінде ол Қазақстанда қазір кәмелет жасына толмаған балаларға зорлық көрсету фактілері бойынша біраз сот отырысы өтіп жатыр.

«Ақтөбе қаласынан тығырыққа тірелген әже хабарласты. Оның айтуынша, 1 сыныпта оқыған немересін тоғызыншы сыныпта оқыған төрт жеткіншек үш апта бойы зорлаған екен. Бұл қылмыстық іс белгісіз себептерге байланысты бірнеше рет  тоқтаған. Әженің жанайқайы да сол – ол қылмыстық істі қайта қозғап, кінәлі балалардың жазасын бергісі келген. Біз тергеу соты мен қылмыстық істер жөніндегі облыстық соттың алқасы арқылы істі қайта бастаттық», - дейді Динара Зәкиева.

 

Баланың қуығын күйдірген салон иесі жазаға тартылды

Естеріңізге болса, былтыр Қызылорда қаласында бір жасар балаға парафинмен массаж жасаған әйел оның қуығын күйдіріп жіберген. Динара Зәкиева айтып бергендей, баланың анасы мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл бірлесе отырып, кінәлілерді жауапқа тартқан.

«Парафинмен жасалатын процедура кезінде қуығы күйген баланың анасы хабарласты. Анықталғандай, бала барған салонның бұл бағытта жұмыс істейтіндей рұқсаты болмаған. Біз сот отырысына қатыстық. Ақыры, салонның иесі мен балаға массаж жасаған әйел жауапқа тартылды», - деп хабарлады Зәкиева.

Оның айтуынша, Қарағанды облысында екі өгей қызын зорлаған әке өмірбақи бас бостандығынан айырылған. Сонымен қатар, Алматы облысында үш жасар егіз қыз бен тоғыз жасар қызды зорлаған өгей әке де енді өмірінің соңына дейін қамауда отырады.

Дәл осы күндері Жетісу, Абай, Павлодар, Жамбыл облыстары мен Алматы қалаларында балаларға қатысты ауыр қылмыс жасаған күдіктілердің ауыр істері қаралып жатыр. Динара Зәкиева ол істер бойынша қосымша мәлімет айтылатынын хабарлады.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар