15 мамырдағы келіссөз: Мединский бастаған делегация Түркияға аттанады

15 мамыр күні Стамбұлда өтетін келіссөздерде Ресей делегациясын Владимир Мединский басқарады.
Бұл туралы ақпарат Кремль таратқан хабарламада айтылды. Мединскиймен бірге Түркияға Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин, Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин және Ресей Қарулы күштері Бас штабы Бас басқармасының бастығы Игорь Костюков барады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ресей делегациясының құрамын келіссөздерге жіберу туралы өкімге Ресей президенті Владимир Путин қол қойған. Құжатқа қарағанда, Путиннің өзі Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуге бармайды. Бұған дейін Зеленский Путинді келіссөздерге жеке келуге шақырған болатын.