534 жамбылдық праймеризге қатысуға өтініш білдірді
Елімізде партияішілік іріктеу — праймериздің басталғанына бір аптаның жүзі болды.
Праймериз – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа, партия филиалдарының сайланбалы органдарына кандидаттарды ұсынуға және мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыным жасауға арналған партиялық тізімдерге одан әрі енгізу үшін алдын ала партияішілік іріктеу.
Кандидаттарды ұсыну мен тіркеу 17 тамыздан басталды. Осы бір аптаның ішінде праймеризге қатысуға облыс бойынша 534 үміткер өтініш білдіріп, 512-сі тіркелді. Өтініштердің барлығы «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылды. Ұсынылған 534 үміткердің 168-і әйелдер,124-і 35 жасқа дейінгі жастар.
Айта кету керек, кандидаттарды ұсыну 28 тамызда кешкі сағат 18.00-де аяқталады.
Балабек Нарбаев,
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жаңа оқу жылындағы ерекшеліктер қандай?
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Тоқаев Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде не айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024