жұма, 27 желтоқсан, 2024 19:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақсуда ауқымды жұмыстар атқарылады

Ақсуда ауқымды жұмыстар атқарылады
ашық дереккөзі
Ақсуда ауқымды жұмыстар атқарылады

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасы бүгінде жамбылдықтардың көптеген толғандырған мәселелерінің оң шешімін табуына үлкен ықпалын тигізуде. Себебі жергілікті атқарушы органның өкілдері бұрнағыдай емес, елмен етене жұмыс жасай бастады. Мәселен жуырда Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров Ақсу ауылында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың айтар базынасына құлақ түрді. Бұған дейінде аудан орталығында, елді мекендерде Нұржан Сәбитұлының қатысуымен сан мәрте қоғамдық қабылдаулар өтіп, нәтижесінде жұртшылықтың жанын жегідей жеген, алаңдатқан мәселелердің түйіні тарқатылды.

Ал Ақсу ауылдық округі тұрғындарының көтерген ең негізі мәселелері-жайылым жерлер және қараусыз иесіз жүрген малдар. Себебі мал шаруашылығына ерекше ден қойған елді мекенде жайылым тапшылығы жыл санап өзекті бола түсуде. Бүгінде ауылда мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алып, төрт түліктің арқасында тірлігін тіктеуге ниетті тұрғындардың қарасы қалың. Өкінішке қарай жайылым тапшылығы көптің қолын байлап тұр. Ал қараусыз жүрген мал шаруалардың егістігіне түсіп, есіл еңбектің берекесін қашырып келген. Өз кезегінде Нұржан Сәбитұлы бос игерілмей жатқан жерлер жайылым ретінде берілетін айтып, мәселе алдағы уақытта шешімін табатынын жеткізді.

Сонымен қатар қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар жарық мәселесін де көтерді. Ауыл ақсақалдарының айтуынша желді күндері жарық өшіп, бірнеше күн бойы жарықсыз отырған күндері де болған екен. Тұрғындардың сөзіне сүйенсек, электр бағаналарының әбден тозығы жеткен. Аудан әкімі жыл сайын он ауылдың электр бағаналары жаңартылып отыратынын, сондықтан да жарық мәселесі келесі толықтай шешілетіне сендірді.

Яғни алдағы бірнеше жылда ақсулықтар жағымды жаңалықтардың куәсі болып, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне барынша жағдай жасалмақ. Н.Календеровтің айтуынша, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында әрбір үйге газ тартылатын күн де жақын. Жалпы баянды бағдарлама аясында 2021 жылға дейін ауданда 18 елді мекенге газ тарту жоспарлануда.

Қоғамдық қабылдау барысында атқарылып жатқан жұмыстармен, алдағы жоспарлармен танысқан ауыл тұрғындары облыс әкімі Бердібек Машбекұлы, Шу ауданының әкімі Нұржан Сәбитұлына риясыз алғыстарын білдірді.

  Кәмшат ҚАДЫР
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар