Саясат
Алексей Цой ДДҰ Еуропа өңірлік комитетінің төрағасы болып сайланды
- авторjambylinfo.kz
- 14 қыркүйек, 2020
- 200
Алексей Цой ДДҰ Еуропа өңірлік комитетінің төрағасы болып сайланды
Бүгін ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының 70-сессиясы басталды. Халықаралық жиынның төрағасы болып алғаш рет Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сайланды. Ведомство басшысы өз сөзінде, әлемдік денсаулық сақтау үшін өте маңызды шараға төрағалық ету ол үшін үлкен құрмет пен жауапкершілік екенін жеткізді.
"Халықаралық қоғамдастық пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен, біз өзге елдермен ынтымақтаса отырып COVID-19 қарсы күресті жалғастырамыз. Қазір Қазақстандағы жағдай тұрақталды, ал коронавирус инфекциясы қайта өршитін болса, арнайы жоспар әзірледік. Мәселен, науқастарды төсек-орын, қажетті дәрілік препарат және басқа да ресурстармен қамтамасыз ету. Отандық дәрігерлер халыққа көмек көрсетуге дайын", деді А.Цой.
Еуропа аймағындағы ДДҰ-ға мүше 53 мемлекеттің денсаулық сақтау министрлері мен өзге де жоғары лауазымды азаматтар, сондай-ақ серіктес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері екі күн бойы денсаулық сақтау саласындағы түрлі мәселені талқылайды. Қысқартылған сессияның күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың бірі: аймақтағы және әлемдегі COVID-19 пандемиясына қарсы іс-қимыл мен тәжірибе және 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтауды жақсартуға бағытталған жаңа Еуропалық бағдарлама.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
- авторМағжан Орынбасар
- 25 желтоқсан, 2024
Саясат
Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 24 желтоқсан, 2024