Астанада Қазақстан-Польша үкіметаралық комиссиясының отырысы өтуі мүмкін
- авторБақытжан Бекболат
- 14 тамыз, 2025
- 476
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Польшаның Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Михал Лабендамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кездесу барысында дипломаттар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, соның ішінде саяси диалогты, сауда‑экономикалық ынтымақтастықты, сондай‑ақ мәдени және білім салаларындағы байланыстарды талқылады.
Тараптар серіктестік қатынастарды одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілігін растады және түрлі деңгейлерде тұрақты байланыстарды жалғастыруға дайын екенін білдірді.
Екіжақты өзара іс‑қимылды тереңдетудің негізгі механизмі саналатын Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның алдағы отырысының маңыздылығы аталып өтті. Комиссияның кезекті (10-шы) отырысын Астанада өткізу жоспарлануда.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы жан-жақты серіктестікті одан әрі нығайтуға берік ниеттерін растады.
Жамбыл облысында сауда айналымы 459 млрд теңгеге жетті
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Ашхабадтағы Бейтараптық монументіне гүл шоғын қойды
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025
Тоқаев Швейцарияның жаңадан сайланған Президентін құттықтады
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025




