Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілін қабылдады
- авторБақытжан Бекболат
- 16 шілде, 2025
- 808
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі Еркін Тұқымовты қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекет басшысы Ауғанстан билігімен екіжақты қарым-қатынасты нығайтуда арнаулы өкілдің ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
Арнаулы өкілге аталған елмен сауда-экономикалық және гуманитарлық салаларда өзара тиімді ықпалдастықты жолға қою тапсырылды.
Президент Алматы қаласында ашылған Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ аймақтық орталығының мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланудың маңызына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау мақсатында гуманитарлық және білім беру бастамаларын жалғастыра беруге ниетті.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Франция президенті Тоқаевты референдумның табысты өтуімен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 17 наурыз, 2026
Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
- авторМағжан Орынбасар
- 16 наурыз, 2026






