дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 22:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Атқарылған жұмыстар аз емес, атқаруға тиісті жұмыстар да бар

Атқарылған жұмыстар аз емес, атқаруға тиісті жұмыстар да бар
ашық дереккөзі
Атқарылған жұмыстар аз емес, атқаруға тиісті жұмыстар да бар
Досбол ауылдық округі бойынша қазіргі таңда 618 адам есепте тұрады. Көкдала ауылдары маңында орналасқан шаруақожалықтарын қосқанда аула саны- 111 үй, оның ішінде Досбол ауылында — 55 үйде -320 адам, Шағалалы ауылында 34-үйде — 190 адам, Кіші Көкдала ауылында -10 үйде -42 адам, Үлкен Көкдала ауылында 12- үйде — 66 адам есепте тұрады. Ауылдық округ тұрғындарына 1 орта, 1 негізгі және 1 бастауыш мектеп, 3 медициналық пункт, 3 кітапхана, 1 клуб, 1 учаскелік полиция инспекторы қызмет көрсетеді. Ауылдық округтегі әлеуметтік нысандардың барлығы дерлік жаңартылған. 2019 жылы Досбол ауылына газ құбыры тартылып, іске қосылды. Досбол ауылы тұрғындары қазіргі таңда 100 пайыз көгілдір отын пайдаланып отыр. Сонымен қатар, ауылға ауыз су тартылып, пайдалануға берілген болатын. Коронавирус індетінің алдын алу бойынша: Төтенше жағдай кезінде ауылдық округте ардагерлер кеңесінің төрағасы, депутаттар, ауылға беделді азаматтардан мобильдік топ құрылып, тиісті деңгейде жұмыс жүргізілді. Мобильді топ мүшелері ауылдық округ тұрғындарына ескерту жаднама тарату, халыққа төтенше жағдай кезіндегі сақтық шаралары туралы, той, ас, көкпар т.б. адам көп жиналатын іс-шараларды кейінге қалдыру, тоқтату бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ауылдық округке кіре-беріс автомобиль жолына бақылау-өткізу пункті(блокпост) қойылып, кезекшілік ұйымдастырылып, көліктерді бақылау жұмыстары жүргізілді. Кезекшілік жұмыстарына ауыл тұрғындары мен жастардан ерікті түрде 25 азаматтан арнайы ерікті топ құрылды. Ерікті топ әр төрт сағат ауысыммен кезекшілік жасады. Ауыл тұрғындарына ауылдық округтен шығуға тиым салынды. «Үйде болыңыз!» деген буклеттер таратылып, ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдай кезінде ауылдық округке кірген азаматтардың(студенттер, демалысқа келгендер т.б.) тізімі жасалып, жалпы 48 азамат ауылдық медициналық пунктке тіркеліп, 14 күн бойы денсаулық жағдайын бақылауға алу жұмыстары жүргізілді. Ауылдық округтен Тараз қаласына қатынайтын қоғамдық көлік және де жеке тасымалдаушылардың жұмысы толық тоқтатылды. Төтенше жағдай кезінде Жаңатас қаласынан «Аль-Асад» жеке кәсіпкерлігі арқылы төмен бағамен халыққа 1 рет азық-түлік жеткізіліп берілді. Ауылдың тумасы Ы. Жұмаділов деген азамат ауыл тұрғындарына 60 қап ұн таратып берді. Мал шаруашылығы бойынша: Аймақ тұрғындарының негізгі кәсібі — мал шаруашылығы, мал басын өткен жылмен салыстырғанда өсім жоғары. Мүйізді ірі-қара өткен жылы 2 361 бас болса, есепті мерзімде – 2 569 бас болып, 208 басқа, қой-ешкі 22 714 бас болса – 24 768 басты құрап, 2 054 басқа, жылқы 575 бас болса — 600 бас болып, 25 басқа, түйе 290 бас болса — 323 болып, 33 басқа, үй құстары 312 бас болып, 19 басқа өсті. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша: Ауылдық округте 26 шаруа қожалық тіркелген, оның жұмыс істеп тұрғаны 23 шаруа қожалық, оның 52 пайызы яғни 12-і мемлекеттік бағдарламаларға қатысуда. МІҚ малын асылдандыруды 5 шаруашылық, қой малын асылдандыруды 7 шаруашылық жүргізуде. Инфрақұрылым тарту бойынша «Жұмыскер», «Ержан» шаруа қожалықтарына жарық тартылды. Жыл басынан бері «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1 азамат 2,0 млн. теңге несие алса, аз қамтылған, көп балалы 4 отбасы 530 мың теңге қайтарымсыз грантты жеңіп алып, мал шаруашылығымен айналысуда. Ауылдық округтен 2 азамат жылыжай мен ұңғыма қазу ісін ашу бойынша инвест жоба ұсынып, 3 млн. теңгеге дейін қайтарымсыз грантқа құжат өткізді. Жыл басынан бері, төтенше жағдайға қарамастан ауылдық округте бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ: 1.Досбол ауылына «Ұлы Жеңіске» арналған ескерткіш тақта орнатылды. 2.Ауылдық округке кіре берістегі арканы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 3.Досбол ауылындағы кіші футбол алаңына жасанды төсеніш төселді. 4.Досбол ауылына «Жасыл белдеу» қорғаныш алқабы соғылып, 1 500 түп тал отырғызылды. 5.Қазіргі уақытта Үлкен Көкдала ауылындағы бастауыш мектеп, медициналық пункт, кітапхана ғимараттарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауылдық округке ұялы байланыс құрылғысын орнатуға байланысты, Досбол ауылының тумасы Жұмаділов Әбдірахым өз қаржысымен биіктігі 22 метр болатын құны 1 миллион тұратын ұялы байланыс мұнарасын (вышка) орнатып берді. Алдағы уақытта, ауыл халқының тұрмыс жағдайын жақсарту, әлеуметтік өзекті мәселелерді шешу бойынша бірқатар істер жоспарлап отырмыз. 1.Досбол ауылындағы С.Сансызбаев, К.Жұмабеков көшелерінің жолдарын жөндеу; 2.Шағалалы ауылына газ құбырын тарту, ауыз су кіргізу; 3.Шағалалы ауылына кіші футбол алаңын салу; 4.Ауылдық округке ұялы байланыс құрылғысын орнату; 5.Талас өзені арнасына шлюз орнату; 6.Үлкен Көкдала ауылындағы ауыз су мәселесін шешу; 7.Үлкен Көкдала, Кіші Көкдала ауылдарына кіре-беріс жолдарды жөндеу жұмыстарын кезең-кезеңімен атқарамыз деп ойлаймыз. Жергілікті халықтың мұң-мұқтажын, әлеуметтік мәселелерін Досбол ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерлерінің тікелей міндеттері болып есептеледі. Сондықтан да халыққа қызмет, біздің яғни мемлекеттік қызметшілердің міндеті болып қала береді. Н. Молдабеков, Досбол ауылдық округінің әкімі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар