Саясат

Қазақстанға Финляндия президенті сапармен келеді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

28-29 қазан күндері Қазақстан Президентінің шақыруымен Астанаға Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сапар аясында мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.