сенбі, 21 маусым, 2025 20:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан мен АҚШ: Заңсыз көші-қонға қарсы күресте серіктестік жалғасады

Қазақстан мен АҚШ: Заңсыз көші-қонға қарсы күресте серіктестік жалғасады
Сыртқы істер министрлігі
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары заңсыз көші-қонға қарсы күресте бірлескен әрекеттерді жалғастырады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртлеудің АҚШ-қа ресми сапары аясында келісілді.

Мұрат Нұртлеу мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио елдер арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамытуға ынталы екендерін білдіріп, бұл әріптестік өзара құрмет пен сындарлы диалог қағидаттарына негізделуі тиіс екенін атап өтті. Әңгіме барысында тараптар сауда мен инвестицияны кеңейту, АҚШ-тың озық технологияларын тарту және іскерлік байланыстарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Қазақстан АҚШ-пен өзара тиімді серіктестікті ілгерілету үшін нақты нәтижелерге қол жеткізуге ниетті», – деді Мұрат Нұртілеу.

Министр сондай-ақ Қазақстанның энергетикалық ресурстар мен маңызды пайдалы қазбалар жеткізу тізбегіндегі стратегиялық рөліне тоқталды.

Өз кезегінде АҚШ мемлекеттік хатшысы бұл кездесу екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға серпін беретініне сенім білдіріп, өзара байланысты нығайтудың маңызын айтты. Әсіресе, Орталық Азия мен АҚШ арасындағы диалогты қамтамасыз ететін тиімді алаң – C5+1 форматы аясындағы өзара іс-қимылға баса мән берілді.

Тараптар халықаралық және өңірлік қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты, заңсыз көші-қонға қарсы күрес бойынша өзара әрекетті оң бағалап, бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар