жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан мен БАӘ сауда байланыстарын кеңейтуді талқылады

Қазақстан мен БАӘ сауда байланыстарын кеңейтуді талқылады
Сыртқы істер министрлігі
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек БАӘ-нің Сыртқы сауда министрі Тәни Ахмед Әл-Зеюдимен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сұхбат барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ биік деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың нақты жолдарын талқылады.

Сонымен қатар тауар айналымын ұлғайту және сауда саласын әртараптандыру мәселелеріне ерекше мән берілді. Қазақстан тарапы БАӘ нарығына агроөнеркәсіп және металлургия кешендерінің өнімдерін жеткізуге дайын екенін растады.

Елші БАӘ-нің жетекші тауар импорттаушыларымен ынтымақтастықты нығайтуға Қазақстанның мүдделі екенін атап өтті. Бұл екі елдің өзара сауда-саттық әлеуетін толық пайдалануына мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ЕАЭО мен БАӘ арасындағы жан-жақты экономикалық серіктестік туралы келісімді (CEPA) іске асыру аясында өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде уағдаласты.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар