Қазақстан мен Швеция: саяси және экономикалық серіктестік нығая түспек
- авторБақытжан Бекболат
- 22 тамыз, 2025
- 432
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Швеция Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Ларс Стефан Эрикссоннан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Швед дипломатын қарсы алып және Қазақстандағы жаңа қызметімен құттықтай отырып, А.Исетов қазақ тарапының екіжақты өзара тиімді қатынастарды жан-жақты тереңдетуге және Астана мен Стокгольм арасындағы байланыстарды нығайтуға мүдделілігін атап өтті.
Сұхбат барысында дипломаттар қазақ-швед ынтымақтастығының саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы жағдайы мен келешегін талқылады. Іскерлік байланыстарды кеңейту және сауда-инвестициялық серіктестікті тереңдету мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында тараптар қазақ-швед қатынастарының әлеуетін толық жүзеге асыру мақсатында екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды белсенді жалғастыруға уағдаласты.
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025
Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025






