Қазақстан Сыртқы істер министрі ШЫҰ Бас хатшысымен кездесті
- авторБақытжан Бекболат
- 15 шілде, 2025
- 580
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу мақсатында Қытай Халық Республикасына жасаған сапары аясында ШЫҰ Хатшылығына барды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сапар барысында ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевпен және Ұйым ұжымымен кездесу өтті.
Тараптар Ұйымның ағымдағы қызметі, биік және жоғары деңгейлерде жоспарланған іс-шараларға, оның ішінде 2025 жылғы қыркүйекте Қытайда өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саммитіне дайындық мәселелерін талқылады.
Қазақстан Сыртқы істер министрі ШЫҰ Хатшылығына көпжақты ынтымақтастықты ілгерілету, сондай-ақ Ұйымның жалпы жұмысына үйлестіру жүргізу жөнінде маңызды миссия жүктелгенін атап өтті. Ол ШЫҰ жұмыс механизмдері мен құрылымдарының тиімділігін арттырудағы Хатшылық ұжымының күш-жігерін жоғары бағалады.
Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Хатшылықтың келіссөздер жүргізуге және ресми қабылдауларға арналған залдарымен, сондай-ақ кешенді жаңғыртудан өткен «Астана» залымен танысты.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025
Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025






