Саясат

Қазақстан тәліптерді неге Астанаға шақырып жатыр – СІМ жауабы

Василенконың айтуынша, қазір бүкіл әлем Ауғанстанның басшылығымен байланыс орнатуға тырысып жатыр

Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Талибан Астана халықаралық форумына неліктен шақырылғанын түсіндірді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Сенат кулуарында Василенко Ауғанстан сауда министрінің міндетін атқарушы 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумына шынымен шақырылғанын атап өтті. Айтуынша, шенеунік те, тәліптер қозғалысы да БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкциясында емес. Оның үстіне тәліптер былтыр елордада өткен бизнес-форумға да қатысқан.

Ол Ауғанстанның өткені мен бүгіні күрделі болса да, болашағы зор мемлекет деп санайды.