Қазақстандықтарға зейнетақысының бір бөлігін алуға болады
- авторjambylinfo.kz
- 1 қыркүйек, 2020
- 198
2021 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бөлігін үй алу, емделу үшін пайдалана алады немесе қаржы ұйымдарының басқаруына бере алады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына жолдауында айтты.
"Менің тапсырмамның аясында тұрғындар зейнетақы жинақтарының бөлігін пайдалану мәселесі қарастырылды. Бұл - қазір өте өзекті. 2021 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бөлігін үй алу, емделу үшін пайдалана алады немесе қаржы ұйымдарының басқаруына бере алады. Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесе жыл соңына дейін тиісті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды және дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырамын. Бұл реформа тұрғындарға зейнетақы жинағына ақша салуға стимул болады. Тұрғын үй мәселелерін өздігінен шешуге табысы жетпейтін азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі", деді Президент жолдауында. egemen.kz
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
- авторМағжан Орынбасар
- 25 желтоқсан, 2024
Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 24 желтоқсан, 2024