Саясат

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толды

Бүгін – Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамыр Алматы қаласында өмірге келген. Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, деп жазады jambylinfo.kz.

Әкесі Кемел Тоқайұлы (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қазақ жазушысы болған. Анасы Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдер педагогикалық институтында жұмыс істеген.

Бір қызығы, ел басшысы туған күнін тойлағанды ұнатпайды. Өйткені оның отбасында балалардың да, ересектердің де туған күні тойланбайды екен. Ондай дәстүр қалыптаспаған.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде Ант қабылдады.