Саясат
Баспана мәселесін шешу мақсатында «Отбасы» банкі құрылады
- авторjambylinfo.kz
- 1 қыркүйек, 2020
- 245
Баспана мәселесін шешу мақсатында «Отбасы» банкі құрылады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында халықтың әлеуметтік деңгейі мемлекет саясатының басым бағытының бірі екенін айта келе, 2021 жылдан бастап 700 мың салымшы зейнетақы қорындағы қаржысының жартысын үй алуға, ем шараларына жұмсауға, қаржы компанияларының пайдалануына бере алатынын мәлімдеді.
«Бұл мәселені шешу үшін Үкіметке Ұлттық банкпен бірге жыл соңына дейін барлық құқықтық нормативтік актіні қабылдап, дайындық жұмысын жүргізуді тапсырамын. Аталған реформа азаматтарды зейнетақы жүйесіне атсалысуға ынталандыруға үлес қоспақ. Биылдан бастап «5-10-20» бағдарламасы іске қосылды. Оған 390 млрд теңге бөлінді.
Баспана алу үшін кезекте тұрған азаматтардың мәселесі де назардан тыс қалмауы керек. Бүгінде әкімдіктер бұл мәселені өздері шешіп жатыр. Оның уақытты талап етері сөзсіз. Жүйеге өзгеріс керек. Бөлінген қаржы тек құрылысқа емес, жалға алу төлемін субсидиялауға да бағытталуы керек. Реформа нәтижесінде, алғашқы жылы 100 мың отбасы көмек алады. Бұл «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» негізінде құрылатын «Отбасы» банкіне міндеттелді. Банк басшылығы тапсырманың орындалуына жауапты», деді Қ.Тоқаев.
egemen.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Білім күніне орай тәрбие сағаты өтті
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 24 желтоқсан, 2024
Саясат
Тоқаев Гвинея-Бисау президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
- авторМағжан Орынбасар
- 18 желтоқсан, 2024