Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады
Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бейнеконференция режимінде кезекті рет азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Карантиндік шектеулерге байланысты тұрғындар мен аймақ басшысы арасындағы диалог онлайн форматта өрбіді.Тұрғындар инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік нысандарды жөндеу, ауылдарды абаттандыру мәселелерін көтерді Байзақ ауданының Бурыл ауылынан байланысқа шыққан кәсіпкер Айнұр Дарменбаева біраз уақыт бұрын тігін цехын ашқанын айтып, қолдау білдіргендерге алғыс айтса, Тұрар Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылының тұрғыны Тілеухан Әзімханов жер мәселесін көтерді. Бұқараның айтуынша елді мекенде жайылым жер жоқ көрінеді. Ауылдың айналасына кәсіпкерлер егіс егіп тастады ал қарапайым халық малын қайда апарып жайарын білмей дал деп, бас көтерді. Бұл жөнінде жауапты мамандар алғаңы уақытта олқылықтардың орнын толтырамыз деп сендірді. Сондай-ақ, осы аудандағы Қаракемер ауылында балабақша соғып бастаған азаматша қолдау көрсетуді сұрады. Облыс әкімі тиісті жауап қайырып, мәселелерге қатысты тапсырмалар берді. Жалпы облыс әкімінің айтуынша елімізде кәсіп ашып, жұмысын дөңгелеткісі келетіндерді қолдаймыз деп жауап қатты. Егер облыс тұрғындары кәсіп ашуға ниетті болса өтініш білдірсін де, мемлекет тарапынан тиісті қаражат алып кез келген бизнесін ашсын деді аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев. Сондай-ақ, Тараздық Нұрғали Қазыбекұлы өзінің кафесін балабақшаға ыңғайластыруды жоспарлап отырғанын жеткізді. Бұл ұсыныс аймақ басшысының көңілінен шығып тез арада қолға алу керектінін баса айтты. Осыған байланысты көмек көрсету керектігі жөнінде білім басқармасына тапсырма берілді. Сонымен қатар, қабылдау барысында құрылыс кезінде қолданылатын материалдар сапасы, су қоймаларының жағдайы, суармалы жерлерді көбейту жөнінде сұрақтар көтерілді. Өңірдегі инватакси қызметін жетілдіру керектігі де айтылды. Және Талас ауданы, Қаратау қаласынан байланысқа шыққан Аягөз Жаңатай аталған қаладағы көп ғимараттардың жөндеу көрмей қаңырап тұрғанын, алайда баспанаға мұқтаж адамдар өте көп екенін жеткізді. Бұл орайда, Бердібек Сапарбаев бұл мәселені шешу үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын, аудан әкіміне тапсырма берілгенін мәлімдеді. Аймақ басшысы көтерілген мәселелер тұрақты бақылауда болатынын жеткізіп, тиісті салалық басқармаларға тапсырмалар жүктеді. Төле-би ЕРБОЛАТҰЛЫ