сенбі, 5 қазан, 2024 23:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бердібек Сапарбаев онлайн қабылдау өткізді

Бердібек Сапарбаев онлайн қабылдау өткізді
ашық дереккөзі
Бердібек Сапарбаев онлайн қабылдау өткізді
«Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қазіргі арантиндік шараларға байланысты шара бейнебайланыс арқылы өрбіді. Бұл жолы «Nur Otan» партиясының алаңы арқылы байланысқа Байзақ ауданы мен Тараз қаласының тұрғындары шықты. Алдымен өз сауалын Бурыл аулының тұрғыны Айжан Алпысбай қойды. Үйіне газ тартуда қиындық бар екен. Сол маңайдағы көршілер құбыр тартуға келісімін бермей, отбасы көгілдір отынсыз отыруға мәжбүр екен. Жауап алған облыс әкімі жағдайға аудандық әкімдіктің араласуын тапсырды. «Бір айда мәселе шешілетін болсын»,- деп қадап айтты. Онлайн жүздесу барысында сондай-ақ, Сарыкемер, Жетібай мен Жалпақ төбе ауылының тұрғындары да көкейдегі мәселелерін айтты. Бірі жер кезегін қаузаса, өзгесі әлеуметтік көмек көрсетуді сұрады. Жергілікті шаруалар суармалы жерді ұлғайтуға мүмкіндік беретін жоба әзірлепті. Енді облыс әкімдігінен қолдау сұрауда. Сауалдарды мұқият тыңдаған партияның облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаев нақты жауап қатып, жауаптыларға тапсырмалар жүктеді. Барлық мәселені өз бақылауына алатынын да жеткізді. gov.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар