Берлин басылымдары Путин мен Трамп кездесуі жайлы: «Үлкен үміт күтпеңіздер»
- авторБақытжан Бекболат
- 9 тамыз, 2025
- 626
Кездесудің нақты уақыты мен орны әлі белгісіз болса да, неміс басылымдары бұл тақырыпты белсенді талқылауда. Олардың жазуынша, Путин мұндай мүмкіндікті өзінің мүддесіне пайдалануға тырысады, ал Зеленский мен еуропалық лидерлердің шеттетілуі Ресейдің АҚШ-пен екіжақты форматта, өзіне тиімді шарттарда мәміле жасауды көздейтінін көрсетеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz DW.com-ға сілтеме жасап.
FAZ (Frankfurter Allgemeine Zeitung): «Путиннің ең аз ымырасы»
Газеттің шолушысы Николас Буссе пікірінше, Трамптың Ресейге қарсы екінші реттік санкциялар енгізу қаупін Путин күтпеген жерден байсалды қабылдады, өйткені мұнай кірісі Мәскеу үшін аса маңызды. Дегенмен, оның Трампқа жасаған «қадамдары» АҚШ-тың талап етіп отырған Украинадағы атысты дереу тоқтатуға әлі алыс. «Бұл тек аздаған жеңілдік жасап, уақыт ұтуға тырысқан қадам», – дейді автор.
FAZ сондай-ақ егер келіссөздерге Украина қатыстырылмаса, бұл АҚШ үшін де тиімсіз «жаман мәміле» болуы мүмкін деп санайды. Өйткені мәселе тек Украинаны ғана емес, бүкіл Шығыс Еуропаны қайта құруға қатысты.
Tageszeitung: «Одақтастар Трампқа сенбейді»
Бернд Пиккерттің айтуынша, Трамптың Путинмен келіссөзі тек нақты іс-әрекетке көшсе ғана нәтижелі болмақ. Ал әзірге Вашингтонның Мәскеуге деген бастапқы жұмсақ ұстанымы Кремльге тиімді жағдай тудырды. Соңғы уақытта АҚШ-тың риторикасы сәл өзгергенімен, Трамптың шынайы қысым жасауға дайын екеніне сенім аз. «Одақтастар үшін ең қауіптісі – Трамптың кез келген сәтте бұл тақырыптан қызығушылығын жоғалтуы мүмкін», – деп жазады автор.
Berliner Zeitung: «Еуропа ойыннан тыс қалды»
Александер Дубовы Трамптың келіссөздерді тек Путин және Зеленскиймен, тар аяда өткізгісі келетінін атап өтеді. Оның айтуынша, бұл – көпжақты форматты және Еуропаның қатысуын әдейі шектеу. Мұндай жағдайда қауіпсіздік саласындағы салдар ең алдымен Еуропаға тиеді, бірақ әзірге Батыстың келісілген стратегиясы көрінбейді.
Дубовы бұл қадамды Мәскеудің тактикалық ойыны деп санайды:
Ресей келіссөздер арқылы соғысты тоқтатуды емес, оны басқа тәсілмен жалғастыруды көздеп отыр. Ал Еуропа мен Украина – бұл соғыстан ең көп зардап шеккен тараптар. Сондықтан олар келіссөзге ресми шақыру болса да, болмаса да, өз рөлін айқындауы керек. «Еуропаның қатысуынсыз мұнда тұрақты бейбітшілік архитектурасын құру мүмкін емес», – деп түйіндейді ол.
Тазалық – тәртіп кепілі: №59 мекемеде сенбілік өтті
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025
Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025






