жұма, 20 желтоқсан, 2024 21:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

“Бесінші кездесу”. Қытай-Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді

“Бесінші кездесу”. Қытай-Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді
Фото: www.newscentralasia.net
Іс-шараға Орталық Азияның бес мемлекетінің жоғары деңгейдегі өкілдері қатысады

Бүгін Қытайдың Сычуань өлкесіндегі Чэнду қаласында Қытай-Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің бесінші кездесуі ресми түрде басталады. Кездесуді Қытай сыртқы істер министрі Ван И ұйымдастыруда, деп хабарлайды Jambylinfo. kz 

Қытайдың Жэньминь жибао газетінің сайты жазуынша, іс-шараға Орталық Азияның бес мемлекетінің жоғары деңгейдегі өкілдері қатысады. Қазақстан делегациясын премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастап келді. Сондай-ақ, Қырғызстаннан Жээнбек Кулубаев, Тәжікстаннан Сироджиддин Мухриддин, Түркіменстаннан Рашид Мередов, Өзбекстаннан Бахтиёр Саидов қатыспақ.

Бұл жиын 2023 жылы өткен Қытай-Орталық Азия Сиань саммитінің нәтижелерін жүзеге асыру және 2024 жылы Қазақстанда өтетін екінші саммитке дайындық жұмыстарын бастауға бағытталған.

Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мао Ниннің айтуынша, кездесу барысында аймақтық ынтымақтастықты дамыту, экономикалық серіктестікті нығайту және қауіпсіздік мәселелерін шешу бойынша бірқатар маңызды құжаттар талқыланады.

Кездесу 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Жиын барысында қатысушылар аймақтық интеграцияның жаңа жолдарын қарастырып, стратегиялық маңызды салаларда өзара ықпалдастықты күшейтуге назар аударады.

Бұл кездесу Қытай мен Орталық Азия елдерінің өзара қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізеді деп күтілуде.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар