«Бір күнде Елтаңбаны өзгерте салуға болмайды». Қаржы министрі Тоқаевтың бастамасына қатысты пікір білдірді
Қаржы министрі Мәди Тәкиев Қазақстанның Елтаңбасын ауыстыру туралы президент айтқан бастамаға пікір білдірді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Оның айтуынша, бұл мәселе қоғам қолдаса ғана күн тәртібіне шығады.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда Ұлттық құрылтайдың отырысында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елтаңбаны ауыстыру туралы ұсыныс білдірген болатын.