сенбі, 23 қараша, 2024 5:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бостандықтықтарға сайлауалды бағдарламасын түсіндірді

Бостандықтықтарға сайлауалды бағдарламасын түсіндірді
ашық дереккөзі
Бостандықтықтарға сайлауалды бағдарламасын түсіндірді

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының барысында аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Р.Батаев, Д.Маселбеков, Ж.Әбекова, М.Несипбаев, А.Ахметов пен К.Копелбекова «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру үшін Бостандық ауылының тұрғындарымен жүздесті. Халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын  жақсартуға жағдай жасайтынын жеткізген үміткерлер аталмыш бағдарламада ауылдық елді мекендерге де көп көңіл бөлініп отырғанын айтты. Ел ішінің алтын бесігі саналатын ауылды көркейту партияның басты бағыттарының бірі екенін жасырмаған кандидаттар ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға барын салатынын жеткізді.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы  «Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асыруға жәрдемдесетіні және осы бағдарлама аясында ауыл ішіндегі 63,7 шақырым, оның ішінде 2021 жылы - Ақкөл ауылында 17,9 шақырымды құрайтын 19 көше, Аққұм ауылында  9,8 шақырым болатын 11 көше, сондай-ақ, 2023 жылы - Ойық ауылында 3,9 шақырымнан тұратын 4 көше, Сейілбек ауылында 3,8 шақырымдық 4 көше, ал  2024-2025 жылдары Үшарал ауылында 4,2 шақырымды құрайтын 5 көше, Тұрымқұл ауылында 2,6 шақырымдық 3 көше және Бостандық ауылында 7,2 шақырым болатын 5 көше, Талапты ауылында 2,9 шақырымнан тұратын 5 көше, С.Шакіров ауылында 11,4 шақырымдық 9 көшенің жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал ететіндігі жайлы сөз қозғалды.

Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша білікті жас мамандарды ауылға тарту жұмыстары да жүргізілетіні мәлім болды.

  "Nur Otan" партиясы Талас аудандық Сайлау қорынан төленді
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар