Бюро отырысында маңызды мәселелер қаралды
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Партия филиалында өткен басқосуда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізіміне пікірсайысқа қатысушы кандидаттардың тізімдерін бекіту және облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді қалыптастыру туралы мәсәлелер қаралды.
Жамбыл облысының әкімі, партия облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаев нұротандықтардың ортақ күші сайлау процесінің ашықтығын арттыруға ықпал етуі, сайлаудың заңнамалық нормаларын қатаң сақтай отырып өткізілуі керектігін атап өтті.
- «Nur Otan»-ның халық арасында беделі жоғары. Алға қойған мақсатымызға жету үшін ары қарай да талмай тер төгуіміз керек, - деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, ол «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс 27-ші конференциясына тыңғылықты дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев 10-12 қараша аралығында барлық аудандар мен Тараз қаласында партияның аумақтық филиалдарының конференциялары өткенін және оған 740 делегат қатысқаны туралы айтып өтті.
- Конференцияларда делегаттар партияның аумақтық сайлауалды бағдарламаларын мақұлдап, мәслихат депутаттарын сайлауға кандидаттардың партиялық тізімдерін бекітті, партия облыстық филиалының кезектен тыс конференциясына делегаттар сайланып, сайлауалды қоғамдық штабтардың төрағалары мен орынбасарлары ұсынылды, - деп баяндады Б.Нарбаев.
Партияның аумақтық филиалдарының конференцияларында 100 кандидаттың арасында пікірсайыстар ұйымдастырылды. Олардың рейтингісі конференция делегаттарының электронды дауыс беруі арқылы анықталды. Ең көп дауыс жинағандар ҚР Парламенті Мәжілісінің партиялық тізіміне кандидаттар арасындағы пікірсайысқа қатысады. Квота бойынша облыс орталығынан бес және әр ауданнан бір кандидаттан ұсынылған.
Пікірсайыс қорытындысы бойынша облыстық мәслихаттың партиялық тізіміне 50 кандидат ұсынылды. Оның ішінде 17 әйел (34 пайыз), 35 жасқа дейінгі 10 жас (20 пайыз) бар.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жосықсыз мердігерлерге қатаң шаралар қабылдау қажет
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Тоқаев Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде не айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024