дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Елбасының тапсырмасы»: Жамбылдық полицей «Елбасы» мен президенттің статусын ажырата алмады

«Елбасының тапсырмасы»: Жамбылдық полицей «Елбасы» мен президенттің статусын ажырата алмады
Сурет: jambylinfo.kz
Шохан Альжанов құқық қорғау саласында жүрсе де Конституциядағы өзгерістерден бейхабар болып шықты

Өңірлік коммуникациялар алаңына интернет алаяқтық бойынша баяндама жасауға келген полиция департаментінің өкілі елбасы мен президенттің статусын ажырата алмады. Баяндамасын «елбасының тапсырмасымен» деп бастаған ол бұл сөзін бірнеше рет қайталады, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Жамбыл облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Шохан Альжанов брифингте баяндама оқығанда,  «Елбасының тапсырмасы» бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айтты. Кейінірек jambylinfo.kz тілшісінің сұрағына жауап бере отырып, президент пен «Елбасы» статусының айырмашылығы жоқ деген пікірін айтты.

«Елбасы деген президент деген сөз»,- деді ол.

Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Конституциядан Елбасының мәртебесі мен артықшылығы туралы баптар, «Елбасы» сөзі алынғанын, сонымен қатар бұл сөз енді қолданылмайтынын айтқан.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар