жексенбі, 15 маусым, 2025 23:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Кая Каллас: «Ресейге ең күшті халықаралық қысым қажет»

Кая Каллас: «Ресейге ең күшті халықаралық қысым қажет»
AP Photo/Omar Havana Кая Каллас
25 мамырға қараған түні Ресей Украинаға жаппай соққы жасағаннан кейін, Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас Ресейге соғысты тоқтату үшін халықаралық қысымды күшейту қажет екенін мәлімдеді.

Сол күні, яғни 25 мамырда, Украина президенті Владимир Зеленский де Ресейдің бірнеше өңірге жасаған қираушы шабуылдарын талқылай келе, АҚШ, Еуроодақ пен өзге одақтастарды Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар енгізуге шақырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz DW.com агенттігіне сілтеме жасап.

«Әрбір осындай террористік шабуыл – Ресейге қарсы жаңа санкциялар үшін жеткілікті себеп. Ресей бұл соғысты әдейі созып, күн сайын адам өлтіріп отыр. Әлем демалысқа кете алады, бірақ соғыс күн мен түнге қарамай жалғасуда. Мұны елемеуге болмайды. Американың үнсіздігі, әлемнің үнсіздігі Путинді одан сайын ынталандырады. Ресей басшылығына шын мәнінде күшті қысым болмаса, бұл қатыгездікті тоқтату мүмкін емес. Санкциялар міндетті түрде көмектеседі», – деді Зеленский Telegram-да.

25 мамырға қараған түні Ресей әскері Украинаға жаппай шабуыл жасап, шабуылдаушы дрондар мен түрлі зымыран түрлерін қолданған.

Зеленскийдің айтуынша, бір түнде Ресей Қарулы Күштері Украина нысандарына 300-ге жуық дрон мен 70-ке жуық зымыран атқан. Нысанға Киев пен оның маңы, сондай-ақ Житомир, Хмельницк, Тернополь, Чернигов, Сумы, Одесса, Полтава, Днепр, Николаев, Харьков және Черкасс облыстары іліккен.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар