Саясат
Ұлтаралық татулық біздің басты байлығымыз болуы керек – Елбасы
- авторjambylinfo.kz
- 11 қараша, 2020
- 254
Ұлтаралық татулық біздің басты байлығымыз болуы керек – Елбасы
Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚХА кеңесінің отырысы өтіп жатыр.
Қиын жағдайға байланысты кеңес отырысын бейнебайланыс түрінде өткізіп отырмыз. Бұл жиынымыз Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына арналады. Баршаңызды осы мерекемен құттықтаймын. Мерейтойлық меже өткенге көз жүгіртіп, атқарылған жұмысты қорытындылауға себеп болып отыр. Ассамблеяның қандай қиын уақытта құрылғанын бәріміз білеміз. Бұрынғы КСРО-ның ыдырауы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының қалыптасуы, тарихи шиеленісті, ертеңгі өмірге деген сенімсіздік заманында құрылды. Бірақ, біз дәл сол кезде өзіміз үшін бір нәрсені қабылдадық. Ұлтаралық татулық біздің басты байлығымыз болуы керек, - деді кеңес отырысын ашқан Елбасы.Елбасы 1992 жылдың 14 желтоқсанда өткен Қазақстан халықаралық форумында жұртымыздың келісімі мен бірлігіне негізделген Ассамблея құру жөнінде бастама көтергенін еске салып өтті.
1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойылды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.baq.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қазақстанда жаңа халық партиясы пайда болды
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Тоқаев Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде не айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024