сенбі, 23 қараша, 2024 12:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Лукашенко: Беларусьтегі оқиғалар Қазақстанға үлкен сабақ болуы керек

Лукашенко: Беларусьтегі оқиғалар Қазақстанға үлкен сабақ болуы керек
ашық дереккөзі
Лукашенко: Беларусьтегі оқиғалар Қазақстанға үлкен сабақ болуы керек

Александр Лукашенко Беларусьтегі оқиғалар посткеңестік елдер үшін маңызды сабақ болуы керегін және Қазақстан еш жағдайда "босаңсымауы" керегін айтты.

Лукашенко 13 қарашада Беларусь пен шетелдің саяси шолушыларына сұхбат берді. Сұхбат барысында ол әлемнің түрлі аймағындағы оқиғаларға тоқталған болатын.

Оның айтуынша, мысалы, АҚШ-тағы сайлауда бәрі үнемі президенттік сайлауға араласады.

"Қазақстанда да мұндай жағдайлар бірнеше рет болды, бірақ оның бәрі БАҚ-тарда жарияланбады. Онда әртүрлі банда оңтүстікте де, шығыста да төбелес шығарған. Мұндай алдағы уақытта да болады. Сондықтан еш жағдайда босаңсуға болмайды. Беларусь - сіздерге маңызды сабақ. Себебі Қазақстан мен Ресей Беларусь емес. Бұл үлкен елдер", - деді Лукашенко.

Лукашенконың айтуынша, Беларусьте наразылық шарасын ұйымдастыруға еш себеп болмаған.

Еске салайық, 9 тамызда Беларусьте жаппай наразылық шарасы өткен болатын. Жергілікті халық президент сайлауының нәтижелеріне жаппай қарсы шыққан еді. Ресми мәліметтер бойынша қазіргі президент Александр Лукашенко 80,1 пайыз дауыс жинаған. Ал оппозиция сайлауда Лукашенко емес, Светлана Тихановская жеңгеніне сенімді. Соған байланысты Беларусь халқы қайта санауды талап етіп отыр.

  tengrinews.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар