сәрсенбі, 23 қазан, 2024 2:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мәжіліс үш депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Мәжіліс үш депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты
ашық дереккөзі
Мәжіліс үш депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты
ҚР Парламенті Мәжілісі Айзада Құрманованың, Нұрлан Дулатбеков және Нұрлан Әбдіровтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.
Алтыншы сессияның алғашқы жалпы отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин экс-депутаттарға Алғыс хат табыстады. "Құрметті Айзада Амангелдіқызы! Сізге барлық әріптестер атынан алғыс айтамыз. Біз бірнеше жыл бірге жұмыс істеп, көптеген заңдар қабылдадық. Қазіргі уақытта сіз Павлодар облысы әкімінің орынбасары ретінде жұмысты бастап кеттіңіз. Сондықтан осы жаңа жұмысыңызға зор табыс пен сәттілік тілейміз", - деді Мәжіліс төрағасы. Айта кетейік, Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған Айзада Құрманова әлеуметтік блоктың жұмысын қадағалайтын болады. Заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Дулатбеков Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне ректор болып тағайындалды. Ал Нұрлан Әбдіров ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары болып сайланды.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар