Саясат

Мемлекет басшысы АҚШ-пен келіссөздер бойынша өкілін тағайындады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Ержан Қазыханға АҚШ-пен келіссөздерде Қазақстан президенті өкілінің міндеттері жүктелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Айта кетейік, Ержан Қазыхан БҰҰ-ның бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі лауазымына былтыр 26 қыркүйекте тағайындалған еді.

Оған дейін Ержан Хозеұлы Қазақстан президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі болды.