Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 1 желтоқсан, 2025
- 435
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, сондай-ақ Алматы агломерациясын дамыту жоспары жөнінде баяндалды.
Марат Сұлтанғазиев:
соңғы 3 жылда облыстың жалпы өңірлік өнімі 1,8 есе артып, 3,4 триллион теңгеден 6 триллион теңгеге өскенін айтты.
биылғы тоғыз айда өңдеу өнеркәсібінің экспорты 28,5 пайыз ұлғайып, 618,5 миллион долларға жеткені жөнінде мәлімдеді.
Алматы облысы ауыл шаруашылығына арналған мемлекеттік субсидияларды тиімді пайдаланатын жетекші өңірлердің бірі екенін жеткізді.
облыстың әлеуметтік дамуы туралы ақпарат берді.
Қапшағай су қоймасы мен ұлттық табиғи парктер айналасындағы туризм кластерінің даму барысын таныстырды.
Мемлекет басшысы:
Облыс әкіміне өңірдің өнеркәсіп және аграрлық әлеуетін нығайту, логистика, туризм салаларын дамыту, сондай-ақ тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді кешенді түрде шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
2 желтоқсандағы валюта бағамы қандай
Ұқсас жаңалықтар
Франция президенті Тоқаевты референдумның табысты өтуімен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 17 наурыз, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
- авторМағжан Орынбасар
- 16 наурыз, 2026






