Мемлекет басшысы Германия Бундесратының Президенті Анке Релингермен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының Президенті, Саар федералды жерінің Премьер-министрі Анке Релингермен кездесу өткізді.
Президент Германияны Қазақстанның Еуропа Одағындағы негізгі стратегиялық серіктесі ретінде атап, бұл ел экономикамыздың жетекші инвесторының бірі саналатынын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға еліміздің экономикалық саясатының басым бағыттары жайында әңгімелеп берді.
Президент Қазақстан соңғы жылдары ауқымды саяси реформалар жүргізгенін жеткізді.
Өз кезегінде Анке Релингер кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел игілігі жолында ортақ мақсаттарды ілгерілетуге дайын екенін жеткізді.
Кездесуде Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.