сәрсенбі, 4 ақпан, 2026 21:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет басшысы мен Пәкістан Премьер-министрінің қатысуымен бірқатар құжатқа қол қойылды

Мемлекет басшысы мен Пәкістан Премьер-министрінің қатысуымен бірқатар құжатқа қол қойылды
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мемлекет басшысы мен Пәкістан Премьер-министрінің қатысуымен мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Тау-кен өнеркәсібі және геология ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

2. БҰҰ миссияларында бітімгерлік бөлімшесін (бөлімшелерін) бірлесіп өрістету жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Экстрадициялау туралы шарт;

4. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы 

Федералды теңіз ісі министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Сауда министрлігі арасындағы транзиттік сауда туралы келісім;

6. Кеден мәселелері бойынша ынтымақтастық пен өзара әкімшілік көмек туралы келісім;

7. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Федералды теміржол министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

8. Карантин және өсімдіктерді қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

9. Ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

10. Жасанды интеллект және цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

11. Денсаулық сақтау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

12. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Associated Press of Pakistan (APP) арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

13. Климаттың өзгеруі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

14. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Пәкістан Ислам Республикасы Білім және кәсіби даярлық министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

15. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Мемлекеттік банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

16. Мәдени-гуманитарлық ықпалдастық саласындағы ынтымақтастық бойынша 2026-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;

17. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Виртуальді активтерді реттеу агенттігі арасындағы цифрлық активтер саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

18. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Карачи порты арасындағы ақпарат алмасу және кәсіби даму саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;

19. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен National Logistics Corporation арасындағы логистика саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

Салтанаты іс-шарада Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары барысында бұдан бөлек, тағы 18 құжатқа қол қойылғаны жөнінде хабарланды. 

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар