Саясат

Мемлекет басшысы Руанда Президенті Поль Кагамемен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

The final spritzer

Мемлекет басшысы Руанда Президенті Поль Кагаменің Қазақстанға 2015 жылы жасаған сапарынан кейін екі елдің өзара құрметке негізделген, ынтымақтастық пен орнықты дамуды көздейтін қарым-қатынасы айтарлықтай табысқа жеткенін атап өтті.

Президент Қазақстанның Африка мемлекеттерімен байланысты кеңейтуге ерекше мән беретіне назар аударды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Поль Кагаме көрсетілген сый-құрмет үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстанның екіжақты ықпалдастықты дамытудағы күш-жігеріне жоғары баға берді. Сондай-ақ Руанда мен Қазақстан арасындағы серіктестіктің әлеуетіне тоқталып, екі елдің өркендеуіне және стратегиялық диалогтың нығаюына ықпал ететін бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. 

Мемлекеттер басшылары екіжақты ықпалдастықтың басым бағыттарын, соның ішінде сауда, инвестиция, көлік, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технология, электрондық үкімет және қаржы салаларындағы байланыстарды дамытуға уағдаласты.