жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекет басшысының Ресейге сапарында жаңа декларацияға қол қойылады

Мемлекет басшысының Ресейге сапарында жаңа декларацияға қол қойылады
Aqorda
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге жасайтын мемлекеттік сапары аясында екі ел арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріледі деп күтілуде.

Президенттің сапары қарсаңында «Российская газета» басылымында жарық көрген «Вечная дружба - путеводная звезда для наших народов» атты мақаласында осы маңызды қадам туралы кеңінен баяндалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Менің Мәскеуге сапарымның кең ауқымды күн тәртібіндегі негізгі тармақ Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық деңгейіне көшуі туралы Декларацияға қол қою болмақ. Бұл құжат екіжақты байланыстардың жаңа дәуірін ашады, өзара сенімнің бұрын-соңды болмаған деңгейін және барлық бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастыққа дайын екенімізді нақты көрсетеді», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Ресейдің Қазақстан үшін сыртқы саудадағы жетекші серіктестердің бірі екенін, ал Қазақстанның Ресейдің негізгі бес экономикалық серіктесінің қатарында тұрғанын атап өтті. Екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі соңғы жылдары тұрақты өсіп, 30 миллиард долларға жуықтағаны да мақалада көрсетілген.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар