жексенбі, 7 шілде, 2024 18:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі артты

Мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі артты
ашық дереккөзі
Мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі артты

Мемлекеттік қызмет саласындағы соңғы жылдардағы өзгерістер талап пен  тәртіпті күшейтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында да мемлекеттік қызмет саласына айрықша назар аударып, үлкен міндеттер жүктеді. Қасым-Жомарт Кемелұлы жүктеген міндеттерінің бірі – мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі.

Жалпы салада осы күнге дейін нәтижелі жұмыстар жүргізіліп, тиісінше халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіліп келеді. Мәселен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №446 бұйрығына сәйкес Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және бөлімнің жұмыспен қамту орталығы 16 мемлекеттік қызмет бойынша жұмыс атқарып келеді. Ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін 13 қызмет түрінен жалпы 17 124 қызмет көрсетілді. Оның ішінде бөлім арқылы 8 777 (51,25 пайыз), мемлекеттік корпорация арқылы 8 056 (47,05 пайыз) және веб-портал арқылы 291 (1,69 қызмет) қызмет көрсетілді. Негізгі бағыттарына тоқтатып өтер болсақ, ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысына сәйкес табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен аз 3103 отбасына 54,1 миллион теңге тұрғын үй көмегі тағайындалып, төленді.

Мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жүргізу секторы мемлекеттік қызмет көрсету  стандартының 9 түрі бойынша қызмет көрсетеді. Жалпы Тараз қаласы бойынша 17 054 мүмкіндігі шектеулі азаматтар тіркелген.  Жыл басынан бері  5808 мүгедекке 6989 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мүгедектерді міндетті гигиеналық және техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету бойынша 2020 жылы жергілікті және республикалық бюджеттен 308293,0 мың теңге қаржы қаралған. 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы бөлінген қаржы көлемі 24,8 пайызға көбейген.

 М.МОЛДАҒАЛИЕВА,

Тараз қаласы әкімі аппаратының  мемлекеттік көрсетілетін қызметті дамыту бөлімшесінің басшысы

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар