Саясат

Меркіде көшпелі қоғамдық қабылдаулар жалғасуда

Меркіде көшпелі қоғамдық қабылдаулар жалғасуда

Мемлекет басшысы азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ екенін айтып өткен болатын. Осыған орай, Меркі ауданы Ақермен ауылдық округінде көшпелі қоғамдық қабылдау өтті.

Аталған қағидатты басты назарға алып, мұндай іс-шаралар облысымыздың барлық аудандарында жалғасын табатын болады. Әрине, азаматтар өздерінің өмірде тудырып отырған мәселелерімен, яғни өздерінің құқықтарын қалай қорғау, туындаған қиыншылықтар бойынша кімге жүгіну, әлеуметтік сұрақтарымен, тұрмыстық және өзге де сұрақтар бойынша осындай қабылдауларға мамандарға жүгінеді.