Nur Otan-нан кейін екінші орында. ҚХП Мәжіліске 113 үміткерін тіркеді
Nur Otan-нан кейін екінші орында. ҚХП Мәжіліске 113 үміткерін тіркеді
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауына «Қазақстан халық партиясының» партиялық тізімін тіркеді.
Оның айтуынша, уәкілетті органдар ұсынған мәліметтер негізінде Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «ҚР сайлау туралы заңы» талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді.
Сөйтіп, сайлауға қатысатын партиялардың барлығы ресми түрде кандидаттарын тіркеп үлгерді. Бұған дейін Nur Otan-нан 126, «Ақ жолдан» 38, Adal-дан 16, «Ауылдан» 19 кандидат ұсынылған. Демек, Мәжіліске ұсынған кандидаттары саны жөнінен «Қазақстан халық партиясы» екінші орында. baq.kz