Саясат
Nur Otan-ның партияішілік сайлауында онлайн-дауыс беруге қатысу үшін «Праймериз» ақпараттық жүйесіне 700 мыңға жуық партия мүшесі тіркелді.
- авторjambylinfo.kz
- 22 қыркүйек, 2020
- 284
Nur Otan-ның партияішілік сайлауында онлайн-дауыс беруге қатысу үшін «Праймериз» ақпараттық жүйесіне 700 мыңға жуық партия мүшесі тіркелді.
Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, Nur Otan праймеризіне 11 мыңға жуық үміткер қатысуда. Еліміз бойынша орта есеппен бір орынға төрт адам үміткер болып отыр. Кандидаттардың 70%-ы өзін-өзі ұсынғандар, ал мыңға жуығы – партияның жаңа мүшелері. 37%-ы – әйелдер, 29%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар. Қатысушылардың орташа жасы – 43 жас.
7 қыркүйектен бастап праймеризге қатысушылар 800 мыңнан астам адамды тікелей қамти отырып, 32 мыңнан аса үгіт-насихат іс-шарасын өткізді. 14 қыркүйектен бастап онлайн-форматта жария пікірсайыстар басталады. Онда қатысушылар нақты елді мекендердің түйінді мәселелерін шешу жөніндегі өз пайымдарын ортаға салды.
Елбасы, Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі азаматтарды алаңдатқан мәселелерді бірлесіп шешу үшін ашық диалогты қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Халықпен кеңінен талқылау мақсатында Nur Otan партиясы әрбір өңір, қала және аудан бойынша 216 сайлауалды бағдарламаның жобаларын жариялады. Оларды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді, сондай-ақ, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып пысықтайды. Бірнеше күннің ішінде праймеризге қатысушылар 8 мыңнан аса талап-тілектер мен ұсыныс жинады, - делінген партияның баспасөз қызметі жариялаған бейнероликте.Еске сала кетейік, Nur Otan праймеризінің басты мақсаты – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына партиялық тізімдерге енгізу үшін қоғамның сенімі мен қолдауына ие болған беделді партия көшбасшыларын анықтау. Сондай-ақ, партия электрондық дауыс беруді ұйымдастыру үшін мобильді қосымша мен primaries.kz веб-порталының мүмкіндіктерін пайдалануды жоспарлап отыр. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін «бір дауыс, бір ЖСН, бір мобильді нөмір және бір IP-адрес» қағидаты бойынша растау (верификация) жүйесі қолданылды. Кандидаттардың рейтингісі бар праймериздің қорытындысы 5 қазанда жарияланады. baq.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала