Саясат

Облыс әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі тағайындалды

Облыс әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі тағайындалды

Журналист Олжас Сайлаубекұлы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды. ⠀ Олжас Сайлаубекұлы 2011 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін Журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. ⠀ Еңбек жолын 2010 жылы жергілікті «Қазақстан-Семей» телеарнасында тілші-жүргізуші болып бастады. ⠀ 2011-2015 жж. «КТК» телеарнасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша тілшісі қызметін атқарды. ⠀ 2015 ж. «Еуразия бірінші арнасының» тілшісі қызметіне ауысты. ⠀ 2016-2017 жж. «Пендеміз ғой» ток-шоуын жүргізді. ⠀ 2017-2020 жж. «Еуразия бірінші арнасының» арнайы тілшісі қызметін атқарды. Президенттік пул журналисі міндетін атқарды.