дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 18:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыс әкімі жария пікірсайысқа қатысты

Облыс әкімі жария пікірсайысқа қатысты
ашық дереккөзі
Облыс әкімі жария пікірсайысқа қатысты
Бүгінде  Жамбыл облысында Nur Otan партиясынының праймеризінің жария пікірсайыстары қыза түсуде. Осы таңға дейін облыс көлемінде 150 дебат өтсе, Тараз қаласында 17 жария пікірсайыс ұйымдастырылған. Ал Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде түндігі түрілген пікірсайысқа облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, үміткерлерге сәттілік тіледі.  - Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған праймериздің орны бөлек. Бұл жүйе бұған дейін дамыған мемлекеттерде қолданса, енді міне Қазақстанда да депутаттарды ашық праймериз арқылы сайлауға мүмкіндік туып отыр. Өркениетті 30 елдің қатарына кіруді мақсат тұтсақ, біз мұндай жаңашылдықты жатсынбауымыз қажет. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Nur Otan партиясына өзгеріс енгізу керектігіні айтқаны есімізде. Бұл өзгеріс партияішілік жұмысты  жақсартып, нағыз көшбасшыларды іріктеп алуға негізделген. Сондықтан өңіріміздегі 55 мыңға жуық партия мүшелері өзінің әділ таңдауын жасайды деп сенемін. Барлықтарыңызға  сәттілік! Тек, жүзден жүйріктер оза шапсын!, - деді Бердібек Машбекұлы. Бұдан кейін бекітілген ереже бойынша ең алдымен кандидаттарға өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстыруға мүмкіндік берілді. Алғашқы болып  сөз алған Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Мұратхан Шүкеев сайлауалды бағдарламасы аграрлық саланы дамытуға бағытталғанын айтса, «Акчалова» ЖШС директоры Айгүл Ақшалова шағын бизнесті салықтан босату мен кәсіпкерлерді заңсыз тексерістерден құтқару төңірегінде ой қозғады. Ал Тараз өңірлік М.Х.Дулати атындағы университеттің бірінші проректоры Ержан Әмірбекұлы педагог мәртебесін көтеру және ұстаздардың зейнет жасын қысқарту түйткіліне тоқталды. «Мейірім» медициналық орталығының директоры Гүлдара Нұрымова болса, медицина саласын заманауи құрылғылармен жабдықтау мәселесін сөз етті. Бұдан кейін  Nur Otan партиясы облыстық филиалы жанындағы Jas Otan жастар қанаты төрағасының орынбасары Ерғали Әбуғали  жастарды жұмыспен қамту мен баспана мәселесіне қатысты орамды ойларын ортаға салса, алтыншы  кандидат Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепберген жұмыс беруші мен еңбеккер арасындағы заңдық талаптардың сақталу мәселесін көтерді. Екінші кезеңде кандидаттарға бір-біріне сұрақ қоюға мүмкіндік беріліп, әр үміткер көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды. Олардың арасында мемлекеттік тілге қатысты құйтырқы сұрақтар да айтылды. Ал кадр мәселесі және жастардың жұмыссыздығына байланысты сауалдарда облыс әкімі Бердібек Машбекұлы да пікірсайысқа қатысып, өз ойын білдіріп отырды. Сондай-ақ дебат соңында көрермендерге де кезек беріліп, жиналғандар  кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларына қатысты сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар ала білді.   Саян Тілеужан
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар