Одақтың ақпараттық жүйесі жетілдіріледі
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесіне (ИАЖ, ЕАЭО) кешенді техникалық сараптама жүргізу жөніндегі орындаушыны айқындау конкурсына қатысу үшін өтінімдер қабылдауды бастады.
Интеграцияланған ақпараттық жүйе (ИАЖ) – мемлекетаралық деректер мен электронды құжаттар алмасуды қамтамасыз етуге арналған және ЕАЭО аясындағы ауқымды жоба. Бұл жұмысқа қатысу IT компанияларға халықаралық нарыққа шығуға, өз әлеуетін ашуға және беделін арттыруға мүмкіндік береді.
Биыл 19 мамырда Мемлекет басшыларының отырысы аясында Президент Қ.Тоқаев ИАЖ-ды іске қосу бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтқан еді. Осы мақсатта ЕЭК Кеңесі кешенді техникалық сараптама жүргізу туралы шешім қабылдады.
Кешенді техникалық сараптама шеңберінде орындаушы жүйелі-техникалық инфрақұрылымды, жобалық басқару бөлігінде ИАЖ-дың ауқымды аудитін, сондай-ақ құқықтық актілерге талдау жүргізуі тиіс. Кешенді техникалық сараптама аталған жүйенің әлсіз жерлерін анықтауға, қол нәтижелерді талдауға және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша жаңа тәсілдерді қалыптастыруға жол ашады. Кешенді техникалық сараптаманың нәтижелерін ЕЭК Кеңесі келесі жылдың 1-тоқсанының соңында қарайды деп жоспарлануда.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Ол небәрі 50 жаста еді...
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 24 желтоқсан, 2024
Саясат
Тоқаев Гвинея-Бисау президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
- авторМағжан Орынбасар
- 18 желтоқсан, 2024