Саясат

Орнықты энергетика - перспективті бағыттың бірі - Президент

The final spritzer

Қасым-Жомарт Тоқаев болгариялық серіктестермен фармацевтика секторында ықпалдастық орнатудың әлеуеті зор деп санайды

Президент орнықты энергетиканы перспективті бағыттың бірі ретінде атады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанның жаңартылатын энергия саласы айтарлықтай ілгеріледі.

Бұдан бөлек, отандық агробизнестің әлеуетін арттыруға баса назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев болгариялық серіктестермен фармацевтика секторында ықпалдастық орнатудың әлеуеті зор деп санайды. Президент өз сөзінде цифрлық трансформацияға баса назар аударды. Сонымен қатар Қазақстанда мемлекет те, жеке сектор да өз істеріне озық цифрлық шешімдерді кеңінен енгізіп жатқанын айтты.

Мемлекет басшысы Болгария компанияларын Астана халықаралық қаржы орталығы ұсынатын мүмкіндіктерді зерделеп, қарқынды дамып келе жатқан АХҚО экожүйесіне қосылуға шақырды. Сөз соңында Президент Қазақстанның Болгариямен барлық бағыт бойынша серіктестікті тереңдетуге дайын екенін растады.