жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 4:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет

Пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет
ашық дереккөзі
Пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында айтты.

"Бір жерде ахуал тұрақталса, екіншісінде вирустың жаңа ошақтары пайда болды. Үкімет жіберілген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білді. Ең бастысы біз азаматтардан еш нәрсені жасырмай, індеттен қайтыс болғандар туралы ақпараттың барлығын ашық жарияладық. Қаншалықты ащы болса да, шындықты айтып отырмыз. Бұл кейбір мемлекетке қарағанда Қазақстанның ұтымды тұсы. Алайда ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауы тиіс. Күрес әлі жалғасуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет. Алдағы айларда күш-жігерімізді барынша жұмылдыра жұмыс істейтін боламыз. Осыған дайын болуымыз керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент жолдауын республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, радиостанциялар тікелей толқында таратып жатыр.

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар