сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 23:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Партия белсенділері марапатталды

Партия белсенділері марапатталды
ашық дереккөзі
Партия белсенділері марапатталды
Партияішілік іріктеу – бұл кәсіби біліктілікті, өз ісінің мамандарын, жауапты тұлғаларды таңдауға жол ашатын, қоғамды дамытуға серпін беретін игі қадам. Праймериз арқылы жалынды жастар үшін де саясатқа жол ашылмақ. Бірқатар дамыған мемлекеттерде дәстүрге айналған праймериз уақыт сынағынан қайнап шыққан жоба деп айтуға болады. Ұйымдастыру қабілеті жоғары азаматтар партия жұмысының жандануына, жобалардың мақсатты жүзеге асуына, партияның көшбасшылық сатысынан түсірмеуді қамтамасыз ететінін ескерсек, нағыз отаншыл азаматтар осы саяси додада бақ сынады. Нақтырақ айтқанда, сәрсенбі күні аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығында» «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Сәкен Арубаев праймеризге қатысушылармен кездесіп, партияішілік іріктеуде белсенділік танытқан кандидаттарды марапаттады. «Мен бұл қадамдарыңызды ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бейжай қарамайтын, партияның аудандағы нағыз белсенділері деп білемін. Өздеріңізге белгілі, аудан бойынша праймеризге 65 үміткер қатысты. Оның 24-і әйелдер, 22-сі 35 жасқа дейінгі жастар, 3-еуі көпбалалы ана. Үміткерлердің басым бөлігі, яғни, 59-ы өзін-өзі ұсынғандар. Осы уақытқа дейін 65 үміткердің қатысуымен 300-ге жуық кездесу және 14 жария пікірсайыс өткізілді. Бүгінде ресми мәліметтерге сәйкес аудандағы 4541 партия мүшелерінің 4448-і өз таңдауын жасап, сайлауға қатысу деңгейі 98 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша біз басқа аудандардың арасында ең жоғарыда тұрмыз. Жоғары көрсеткішке жетуде осында отырған бастауыш пратия ұйымдарының төрағалары мен төрайымдарының зор еңбегін атап өткім келеді. Тағы бір ерекшелігі, облыс аудандарының ішінде тек біздің ауданда праймеризде дауыс беру 100 пайыз онлайн түрде өтті. Бұл көрсеткіштердің барлығы сіздермен бірге атқарылған жұмыстардың нәтижесі деп білемін. Өткен праймериз – алдағы партиялар арасында өтетін сайлаудың нәтижесі бойынша парламент мәжілісі мен облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардағы депутаттық орындарға баратын партия белсенділерін анықтау додасы болды. Әрине дода болған соң жеңімпаздар болады. Алайда бұл жерде айта кететін мәселе, додадан тиісті дауыс жинай алмаған үміткерлер партия резервінде қалатын болады және кейінгі кезде әртүрлі себептермен депутаттықтан кеткен азаматтың орнына қайта сайлаусыз өте алады. Сонымен қатар, сол адамның партия өміріндегі белсенділігі назарға алынатын болады. Осы орайда, партияішілік іріктеуге қатысып, белсенділік танытқандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды білдіремін», – деп саяси додаға түсіп, азаматтық позицияларын көрсеткендері үшін үміткерлерге партия Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Алғыс хаттарын табыстады. Мақсат ЖҰМАБАЕВ, «Шұғыла»
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар